14.02.2025 ж «Айгөлек» бөбекжайында КМҚК «Әке-асқар тау» атты әке мен бала сайысы өтті. Сайыстың мақсаты Балабақша мен ата-ана арасындағы байланысты нығайту. Отбасының әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі туралы түсінік беру болатын.
Сайыс 6-бөлімді құрады.
1. Таныстыру
2. «Өнерін көрсету
3. Мақал сөздің мәйегі. Мақалды жалғастыр
4. «Шебер әке»
5. Ұлттық ойын «Ләңгі» ойыны жарыс
6. «Бәйге» ойыны
Қорқыт атамыздың «Әке- білек, саусағы – балалары, қан тамырмен жалғасқан аралары». «Ұл әкеден үйренбей сапар шекпес, қыз шешеден үйренбей өнеге алмас» деген сөзіне сүйеніп ұйымдастырған сайысымыз өте жоғары деңгейде өтті.
