Skip to content

«Айгөлек» бөбекжайы КМҚК бос лауазымға конкурс жариялайды

«Айгөлек» бөбекжайы КМҚК бос лауазымға конкурс жариялайды – лауазымдық психолог (1 бірлік),
лауазымдық жалақысы ––140000тг
Қатысу үшін өтініштер хабарландыру жарияланғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде мына мекенжай бойынша қабылданады: 100600, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы,Жанасов көшесі, 37, телефондар: жұм 90-35-48электрондық пошта: Aigolek @mail.ru
Біліктілік талаптары:
Тиісті бейін бойынша жоғары кәсіптік білім.
Құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) “Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
😎 Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ)немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *