Skip to content

Апталықтың 4-ші күні

Қазақтың салт – дәстүрі , әдет – ғұрпын, туған елге, жерге, өз Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін , ұлттық ойынға қызығушылықтарын арттыру мақсатында бөбекжайымыздың ересек топ тәрбиеленушілері арасында “Арқан тартыс”, “Киіз үй”, “ Білектесу”, “Ат бақыл”, “ Сиқырлы таяқ”, “Теңге ілу”, “ Тақия тастамақ”, “Аударыспақ” “Жаяу тартыс” ұлттық ойындар ойнатылды.

Тақырыбы: ” Күбі” Мақсаты: әр түрлі қазақ халқының тұрмыстық заттарын атап айыра білу, неден жасалғанын тану, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Математика негіздері
Мақсаты: Заттарды салыстыру негізінде тең немесе тең еместігін анықтай білуге дағдыландыру.
Тәрбиеші: А.Т.Иргебаева

Жапсыру
Тақырыбы: “Алаша”
Мақсаты: жапсыру әрекетіне қызығушылықты арттыру, шығармашылық қабілетті, қиялды дамыту.
Қайшыны дұрыс ұстауды және пайдалана білуді қалыптастыру. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнермен таныстыру, оларды безендіру дағдыларын дамыту. Жапсыру барысында қауіпсіздік ережесін сақтауға үйрету.
Тәрбиеші: А.Т.Иргебаева

Тақырыбы:Тұрмыстық заттардың қажеттілігі.
Мақсаты:Тұрмыстық заттардың атқаратын қызметімен таныстыру.Қауіпсіздік ережелерін сақтауға дағдыландыруға,жинақылыққа баулу.
Жауапты: қазақ тілі мұғалімі Коккозова А.Қ.

2023-2024 оқу жылының жылдық жоспарына сайкес #5 К. Шыңғысов атындағы орта мектеппен бөбекжай арасында бірлескен жұмыс туралы меморандум жасалды.
Жоспарға сәйкес 2023 жылдың 01 қараша күні мектепалды топ балалары “Мектепке саяхат” тақырыбында мектепке саяхатқа барды.
Балаларға мектеп бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
«Айгөлек» бөбекжайының қазіргі тәрбиеленушілері болашақта сол мектеп оқушылары.
Ұлытауоблысыныңбілімбасқармасы
ЖезқазғанҚаласыныңБілімБөлімі #мектепкесаяхат

2023 жылдың 04қараша күні “Айгөлек” бөбекжайы мектепалды топ тәрбиеленушілері кітапханаға саяхатқа барды. Олар Балалар мен жасөспірімдер кітапханасы туралы мәліметтер алып,
кітапханада ұйымдастырылған «Салт дәстүр-асыл қазынам», «Мотивациялық кітаптар», «Балаларға базарлық» атты кітап көрмелерімен танысты.#кітарханаға саяхат

Психология апталығының бірінші дүйсенбі күні қарым -қатынас күні.
Ұраны: қарым-қатынас, өмір атты тағамның ең қажетті тұздығы.
Дүйсенбі күнгі іс-шаралар:

  1. Апталықтың ашылуы онлайн түрде ата-аналарға, ұжымға боршюра тарату арқылы ұйымдастырылды.
    2.Таңертең қабылдауда ата-аналарға жылы лебіздер жазылған жүрекшелер таратылды.
    3.Барлық топқа ата-аналарға арналған ұсыныс, пікір журналы таратылды.
    Ата-аналардың балабақшаға деген ізгі-тілектері, сұрақтары, ұсыныстары болса жазады. Апталық соңында журнал ішін саралап , талдап қарайтын боламыз.
    4.”Бақытты отбасы” марафоны басталды. Марафон мақсаты:
    Отбасы ауызбіршілігін, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген сүйіспеншілігін, қарым-қатынасын нығайту.
    “Бақытты отбасы” марафонына
    Барлық топтан 1 ата-ана баласымен бір жұмыс түрін аптанын соңына дейін дайындауы қажет. Тақырыпқа сай кез-келген жұмыс түрі болады.
    фотогалерея;
    қабырға газеті;
    видеоролик;
    қолөнер жұмысы.
    Аптаның соңғы күні ерекше үздік 3 жұмыс түрі бағаланып, сыйлық берілетін болады.
    Барша ата-аналарға сәттілік!!!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *