Skip to content

Біз туралы

Бөбекжай 1956 жылдан бастап жұмыс істейді. 2015 жылдың қаңтарынан бастап Жезқазған қаласы әкімдігінің №22/08 қаулысымен    «Жезқазған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты   «Айгөлек» бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны болып тіркелді.

Мемлекеттік кәсіпорынның мекен-жайы: Қазақстан Республикасы,100600, Ұлытау  облысы, Жезқазған қаласыЖанасов көшесі 37.

Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы: «Жезқазған қаласының білім бөлімі» ММ

Бөбекжай директорының аты-жөні: Тағыбергенова Нағима Қиынбайқызы. Педагогикалық еңбек өтілі 44 жыл

Жұмыс телефоны: 903548; ұялы телефоны 87775716392;

Электрондық почта: det_sad7@mail.ru

Сайт: https://zhez-aigolek.edu.kz

Түрі: Мектепке дейінгі білім беру ұйымы.

Үлгісі: қосалқы үлгідегі бөбекжай

Жұмыс күнінің тәртібі: аптасына 5 күндік , жұмыс уақытының ұзақтығы-12 сағат, күнделікті жұмыс сағаты  7.00 -дан 19.00- ге дейін.

Демалыс күндері-сенбі, жексенбі және мерекелік күндер.

Жобалық сыйымдылығы 160 бала, 8топқа арналған.

Бөбекжайдың  материалдық-техникалық жағдайы

            Бөбекжайда сауықтыру-тәрбиелеу процесін ұйымдастыру мен жүргізу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған.

Бөбекжай жақсы көгалдандырылған, әр топқа ойын алаңы бар.

Дене шынықтыру алаңы және 8 серуендеу учаскесі бар.

Бөбекжай 3 ғимараттан тұрады.

2  қабатты, жарық, су, канализация, қанағаттанарлық жағдайдағы сантехникалық жабдықтар бар.

Топтық бөлмелер мен жатын бөлмелері бір-бірінен бөлінген. Әр топтың  кірер есігі бар. Барлық кабинеттер қажетті құрал-жабдықтармен, ойын және оқу-дидактикалық материалдарымен жабдықталған.

Заттық-дамытушылық орта құрылған. Оқу құралдарының барлық түрлері мен ойыншық түрлері оқыту мен тәрбиелеудің өзгешелігі мен міндеттеріне байланысты оларды қолдану әдістемесін ашады, оларды пайдаланудың вариативтілігін көрсетеді.

Ғимарат өртке қарсы қауіпсіздік дабыл жүйесімен қамтылған. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 37 бейне бақылау жүйесі іске қосылған, оның 8-і ЦОУ-ға тіркелген. Сонымен қатар дабыл қағу нүктесі бар. Бөбекжай аумағына ағаштар егіліп, жасыл желекпен көгалдандырылған. Барлық топта заттық дамытушы ортада ойын бұрыштары заман талабына сай жас ерекшеліктеріне орай жабдықталған. Әдістемелік кабинетте педагогикалық әдебиеттер, журналдар және дидактикалық көрнекіліктермен қамтылған.

8 топтың 7-ы мемлекеттік тілде, 1-уі орыс тілінде тәрбиеленіп жатыр.