“Айгөлек” бөбекжайында КМҚК уақытша бос жұмыс орын «тәрбиеші »қызметіне конкурс өткізілді. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы № 259 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 16 тамыздағы № 343 бірлескен бұйрығын басшылыққа ала отырып, конкурстық комиссия құрылды.
Конкурсқа қатысуға уақытша бос жұмыс орнына бір үміткер ниет білдірді. Конкурсқа қатысушы үміткер қағидаға сәйкес өзін-өзі бағалау парақтарын толтырып, құжаттарын толық тапсырды.
Конкурстық комиссия мүшелері үміткердің өзін-өзі бағалау парақтарында көрсетілген критерийлерге сәйкес ұпай сандарын нақтылады.
Нәтижесінде конкурстық комиссияның шешіміне сәйкес “Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту”мамандығы бойынша диплом иегері, жоғары білімді Сатыпалдинова Жансая Амантаевна лайықты деп танылып, уақытша тәрбиеші қызметіне тағайындауға балабақша директорына ұсынылды.
