Skip to content

Мектепке саяхат Қазіргі уақытта білім беру сатылары арасындағы «Тандем» жобасы…

Мектепке саяхат
Қазіргі уақытта білім беру сатылары арасындағы «Тандем» жобасы аясында сабақтастық бойынша жұмыс ерекше өзектілікке ие. Балалардың мектепке баруын жеңілдету үшін мектеп жасына дейінгі балалардың өздерін мектеппен, мектеп оқушыларының оқу және қоғамдық өмірімен таныстыруға мүмкіндік беру керек, бұл балабақша тәрбиеленушілерінің тиісті түсініктерін кеңейтуге, олардың мектепке деген қызығушылығын, оқуға деген құштарлығын дамытуға мүмкіндік береді.
Бүгін мектепалды «Балдаурен»тобы мен Ересек «Күншуақ» тобының тәрбиеленушілері №5 Қ.Шыңғысов атындағы орта жалпы білім беретін мектеп саяхат жасады. Балалар мектеп муражайына, ас блогына барды. Қуанышты әсермен балалар балабақшаға оралды. Олардың көпшілігі мектепке тезірек барғысы келетіндері туралы айтты. Мұндай шығармашылық достастық балаларды мектепте оқуға сәтті дайындаудың кепілі деп үміттенеміз.
Мектеп ұжымына ақкөңілдік пен қонақжайлылықтары үшін, сондай-ақ мектеп әлеміне қызықты саяхат үшін зор алғысымызды білдіреміз!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *