Ұлттық киім күні дәстүрлі киім арқылы мәдени дәстүрлердің бірегейлігі мен алуан өзгешілігін көрсететін маңызды оқиға. Бұл күні адамдар өздерінің мәдениеті мен тарихына, ата-бабаларына құрмет көрсету және өз мұраларын басқалармен бөлісу үшін ұлттық киім киеді.
Қазақ халқының дәстүрлі киімдері де басқа халықтар киім түрлері сияқты ерлер, әйелдер, балалар, сыртқы ,маусымдық,мерекелік,және күнделікті киімдер болып бөлінеді.Ең әдемі киім ұлтыңның киімі деген ұлы адамдар.Қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрі де үлгісі де еш халықтан кем болған жоқ. #ұлттықкиім
